Еурополық Одақ іске жедел кірісті. Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдің тағы 14 бизнесмені мен Федерация кеңесінің 146 мүшесіне санкция салды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұдан бөлек, Ресей теңіз кеме қатынасына да шектеулер енгізіп тастады. Қысқасы, Еуроодақ «қара тізімге» қосқан азаматтардың қарасы 862-ге, ал ұйымдар саны 53-ке жетіп отыр.
Брюссель ресейліктердің еуропалық алаңдарда криптовалютамен операция жүргізуіне де тосқауыл қойды. Сондай-ақ Еуропалық Одақ Беларусь еліне де қаржылай санкциялар салып, осы елдің үш ірі банкін SWIFT төлем жүйесінен шығарды.