• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2022

Жел соқса, жарыққа жарымайды

625 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары Баянауыл баурайында жел сәл күш алса, жарық өшіп қалатын «дәстүр» пайда болды. Аудан орталығындағы ахуал бұл. Шалғайдағы ауыл тұрғындары да жарықтың шарапатын сезініп отырғаны шамалы. Туристерді тартудан бұрын сапалы жарық тартып алған дұрыс-ау.

Баянауыл ауылының тұр­ғы­ны, қоғам белсендісі Айбат Ыдырысов ауа райы құбылса, баянауылдықтар шайнектерін қайнатып, ұялы телефондарын қуаттауға асығатынын айтты. Жарық сөнсе, қай уақытта қо­сы­ла­тынын ешкім білмейді.

– Аудандағы электр жүйе­сі­не қай мекеме жауапты еке­нін ұғына алмай қойдық. Кім жауапты болса да, жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізіп, олқылықтың орнын толтыру керек қой. Жарық неге жиі сөнеді? Сымдар ескірген шы­ғар, өзге де тех­ни­калық себептер болуы мүм­кін. Осы жайлы тұр­ғын­дар­ға дұрыс ақпарат беретін маман жоқ. Ал ай сайынғы тү­бір­текте жарық көрсеткіші бо­йынша артық сома есептелсе, жарықпен «жа­рыл­қай­тындарды» сотқа бер­сең де жеңе алмайсың. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет» тұ­жырым­дамасын қабылдап, тұрғын­дар­мен ашық диалог орнатуды тапсырған еді. Олар болса, әлі күнге дейін жарық мәселесі бойынша халық алдында есеп берген емес. Аудан әкімдігі де мардымды ештеңе айта алмайды, – дейді Айбат Ыдырысов.

Тұрғындардың базынасын тыңдап, бірден аудан әкімі Серік Батырғожиновқа хабар­лас­тық. Ол бұл қызметке та­ғайын­далғанына көп уақыт бол­маса да, аталған мәселеден хабардар екенін жеткізді.

– Есептік кездесулер кезін­де барлық ауылды аралап шықтым. Шынымен де жа­рық мәселесі өзекті. Көп жер­де электр бағандары өткен ға­сырдың 80-жыл­дары са­лы­нып, әбден тозған. Бұл іске жауапты аймақ­та­ғы монополист ұйым – «Павлодар­энер­­госбыт» ЖШС басшы­лы­ғымен байланыс орнатып, жаңғырту жобаларын қолға алмақпыз. Биыл Ақсаң, Лекер және тағы үш елді мекенде электр жүйесін ретке келтіру жұмыстары жалғасады. Осы­­лай­ша, кезең-кезеңмен бар­лық ауылдағы жарық мә­селесін шешетін боламыз, – деп сен­дір­ді аудан басшысы.

Аймақтағы моно­по­лис­­тер­дің кеудесін керіп, мұр­нын көкке шүйіргенін талай көрдік. Тіпті «қызмет көр­сетуден бас тартамыз» деп жылуға жа­уапты меке­ме­нің облыс әкі­міне сес көрсеткені бар. Айт­пағымыз, Баян­ауыл­да­ғы жа­рық мәселесі жарты жолда қалып қоймаса екен.

 

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы