• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Наурыз, 2022

Isker ana бағдарламасы – жеке кәсіп ашуға мол мүмкіндік

293 рет
көрсетілді

Алматыда мұқтаж отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында құрылған «Бақытты отбасы» орта­лық­тары қиын жағдайда қалған жандарға көмек беріп, білім алып, қажетті кеңестер беруде кәсіби алаң қызметін іске асырып келеді. Бүгінде оңтүстік астанада 9 орталықтың жұмысы жолға қойылған. «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Зульфия Байсақова осы бағытта атқарылып жатқан шаралардың барысы жайында айтып берді.

Көпбалалы және аз қам­тыл­ған отбасыларға жан-жақты кө­мек көрсету мақсатында 2019 жылдың тамыз айынан бастап Алматының әр ауданында «бір терезе» қағидаты бойынша «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істеп келеді. Зульфия Байсақованың айтуынша, бүгінде қалада 30 339 көпбалалы отбасы тұрады. Көпбалалы аналардың 4 855-і «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларының иегерлері. Со­ны­мен қатар 1 300-ден астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.

«Бақытты отбасы» орта­лық­тарында психо­ло­гия­лық және заңгерлік көмекпен қатар жұмысқа орналасу мен бос уақытты тиімді пайдалану бағытында кеңес­тер беріледі.

«Біздің орталықтарда аналар мен отбасыларға профиль­дік курстардан өтуге көмек­тесетін Isker ana бағдар­ла­ма­сы жұмыс істей­ді. Кәсіп­кер­лер палатасында әйелдер кә­сіпкерлік негіз­де­ріне оқы­ты­лады. Осы бағ­дар­ла­ма­ның көмегімен көп­те­ген ана өз бизнесін ашып, азық-түлік және киім-кешек сауда орын­дары, Әуезов ауда­нын­дағы аспаздық, қаланың бес ауда­нын­дағы тігін цехтарының жұ­мысы жолға қойылды», деп атап өтті З.Байсақова.

Зульфия Байсақова атап өткендей, «Бақытты отбасы» орталықтарында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасын құрметтеу және өскелең ұрпақты адамгершілікке тәр­бие­леу, көпбалалы отба­сы­лардың лайықты өмір сүру жағ­дайларын жақсартуға кө­мек­­тесуге басымдық бері­­ле­ді. Бүгінде көпбалалы отба­сы­лардың көпшілігі Алатау ауданында тұрады.

Нақты шаралар қоғам­ның алға жылжуына ық­пал етеді. «Бақытты отбасы» орталығында ашыл­ған қолөнерді дамыту орталы­ғы­ның жұмысы жолға қойылған. Осы орталық арқылы 12 мың адам оқыту курстарынан өтті, мыңнан астам әйел тігін шеберханалары, аспаздық, бас­пахана, сұлулық студиялары сияқты жеке істерін ашуға және дамытуға өтеусіз гранттар алды. Осындай курстардың нәтижесінде әйелдер табыс тауып қана қой­май, өз отбасыларына қуа­ныш сыйлап алға қойған мақ­саттарын жүзеге асыруда. Бүгінде «Бақытты отбасы» орталықтарына отбасы жағ­дайын жете білетін, олармен тығыз жұмыс істейтін әрі қор­даланған мәселелерін дер кезінде шешуге маманданған көпбалалы аналардың өздері басшылық етуде. Бұл орта­лық­тар келем деушілерге әрдайым ашық әрі мұнда жаңа жобаларды бастау мүмкіндігі мол.

 

АЛМАТЫ