Ақ үй Украинаға әскери техника жөнелтуге бел буып отыр. Бұл мәселеге одақтас елдер де қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Украинаға танк және әуе шабуылынан қорғануға қажетті қару-жарақ жеткізілетін болды. Сондай-ақ АҚШ билігі «Patriot» атты екі зымыран батареясын Польшаға көшіретінін хабарлады.
Ресми Пентагонның пікіріне зер салсақ, аталмыш қарулар кез келген қауіптен қорғануға мүмкіндік береді.