Пентагонның жоғары лауазымды шенеунігінің айтуынша, Беларусь аумағынан жылжып келе жатқан ресейлік әскерлер Киевке 15 шақырым қашықтықта орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
«Ресей әскерінің күштері Украина астанасынан 15 шақырым жерде. Олар Гостомельден 5 шақырым алға жылжыды. Ресей әскерлері екі параллель бағытта шабуыл жасап, Чернигов қаласын қоршауға алды» деп хабарлаған Анадолы агенттігінің дереккөзі.