Бүгін Түркіменстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталды, 2 577 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Түркіменстанның шет елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелерінің жанынан ашылған 41 сайлау учаскесінде де дауыс беріліп жатыр.
Президент лауазымынан тоғыз кандидат үміткер. Түркіменстанның заңнамасында сайлаушылардың қатысу шегі белгіленбеген, сондықтан сайлау кез-келген жағдайда да өтті деп танылады.
Алғашқы тіркелген кандидат - қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы.
Сердар Бердімұхамедов Түркіменстан Демократиялық партиясы атынан сайлауға түсіп жатыр. 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап 40 жастағы Сердар вице премьер-министр қызметін атқарып келеді.