• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Наурыз, 2022

Оралда тоғыз айлық бала эскалатордан құлап кетті

425 рет
көрсетілді

Анасы қызын эскалатордан құлатып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 13 наурызда Asia Mall сауда ортағында болған.

Эскалатормен көтеріле берге сәтте әйелдің қолынан бір жасқа толмаған сәби сусып кеткен.

«Тоғыз айлық қыз эскалатордан құлап кетті. Зардап шеккен бала қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Оған жабық ми-бас сүйек жарақаты, ми шайқалуы, қан құйылу диагнозы қойылды. Жағдайы өте ауыр, қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», деп жазылған денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

БҚО Полиция департаментіндегілер баланы 35 жастағы әйелдің бірінші және екінші қабат аралығында құлатып алғанын айтты. Бұл дерек бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелген.

Тексеріс жүріп жатыр.