• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Наурыз, 2022

Сауда министрі қант бағасының қымбаттауына байланысты пікір білдірді

221 рет
көрсетілді

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елдегі қант бағасының қымбаттауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері тарапынан Сауда және интеграция министріне қант бағасының қымбаттауына байланысты сұрақ қойылды.

«Біз қант бағасын ақпарат жинау арқылы ғана бақылап, айналысып отырған жоқпыз. Өз басым жексенбі күні бірнеше сауда нысанына бардым. Әрине, баға құбылып тұр. Оны мен де растаймын. Қант бағасы негізінен сұраныс әсерінен көтеріліп кетті. Қазір жергілікті атқарушы органдармен бағаның ақылға қонымды болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз», деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол қанттың келісі 900 теңгеден сатылып жатыр деген ақпаратпен келіспейтінін айтты.

«Баға 400 теңгеден 600 теңгеге дейін құбылып тұр. Импорттық қант деп жеке сатып жатқандар бар. Мен 900 теңге деген бағаны көрген жоқпын», деді Бақыт Сұлтанов.