• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 15 Наурыз, 2022

Украиналық портал Головкинді «Даңқ» залына лайық санайды

243 рет
көрсетілді

IBF тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин Халықаралық «Даңқ» залына лайықты. Бұл туралы украиналық Vringe.com порталы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Салмақ дәрежесіне қарамастан, әлемнің бұрынғы үздігі саналған Геннадий Головкин жыл боксшысы, әлем чемпионы атағын қорғаудан рекорд иегері, чемпиондық шайқастардағы мерзімінен бұрын жеңіске жеткен боксшылардың үздігі саналады. Ол бүгінде IBF тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы екені мәлім. Өз дәуіріндегі үздік боксшылардың қатарында Генаның ойып алар орны бар. Сондықтан да оның орны – Халықаралық «Даңқ» залы», деп жазды портал авторы.