• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 15 Наурыз, 2022

Президент ұлттық спорт резервінің дайындығын күшейтуді тапсырды

303 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы ведомство атқарып жатқан мәдениет, спорт, туризм архив және баспа ісі салаларындағы жұмыстары жөнінде есеп тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына министрлікке қарасты ұйымдарға жұмыс сапары туралы баяндалды. Сапар қорытындысы бойынша күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешу шаралары даярланған. 

Дәурен Абаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қарай қаржыландыру, бұқаралық спортты қарқынды дамыту жөнінде берген тапсырмаларын орындау ведомство жұмысындағы негізгі бағыттың бірі екенін айтты.

Президенттің айтуынша, биыл министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын тиісті деңгейде атап өтуі қажет.

Мемлекет басшысы ұлттық спорт резервінің ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындығын күшейтуді тапсырды.

Президент жастар үшін ұлттық мәдениеттің бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын арттыру қажет екенін ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев карантиндік шектеулердің елімізде және шет мемлекеттерде жеңілдетілуіне байланысты туризм саласын дамытудың тың жолдарын әзірлеу маңызды деп есептейді.