Германиялық «Боруссияның» норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холландты қатарына қосқысы келетін ұлыбританиялық «Манчестер Сити» футбол клубының басшылары ойыншыға аптасына 600 мың еуро жалақы ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Daily Mail басылымы хабар таратты. Жалпы футболшыны Испанияның «Реал», «Барселона» футбол клубтары да өз қатарларына қосуға үміттеніп отырғаны белгілі. Қарсыластарының алдын орағысы келетін «Манчестер Сити» басшылары футболшыны үлкен жалақы арқылы қызықтыру «ойынын» бастап кетті. Тіпті бұған дейін футболшының «Манчестер Ситимен» келісімге келуге жақын екені туралы ақпарат тараған болатын. Кезінде аталмыш команда намысын қорғаған Эрлингтің әкесі ұлының да ұлыбританиялық клуб сапында жарқырағанын қалайды. Әйткенмен Холланд бастапқыда «Реалға» ауысқысы келетінін айтып жүрген. Жүрегін тыңдай ма, әкесін тыңдай ма? Ол жағын уақыт көрсете жатар.