IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альвареске қарсы өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен дәл қазір Риота Муратаға қарсы шайқас туралы ғана ойлап жүрмін. Өйткені мен оны боксшы ретінде қатты құрметтеймін. Бұл кездесу менің кәсіби мансабымдағы ең маңызды жекпе-жек екені даусыз деп білемін. Сондықтан да әзірге басқа боксшылармен кездесу туралы айтуға әлі ертерек», деді қазақ оғланы өз ойымен бөлісіп.