• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 16 Наурыз, 2022

Мені ең маңызды жекпе-жек күтіп тұр – Геннадий Головкин

4185 рет
көрсетілді

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альвареске қарсы өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен дәл қазір Риота Муратаға қарсы шайқас туралы ғана ойлап жүрмін. Өйткені мен оны боксшы ретінде қатты құрметтеймін. Бұл кездесу менің кәсіби мансабымдағы ең маңызды жекпе-жек екені даусыз деп білемін. Сондықтан да әзірге басқа боксшылармен кездесу туралы айтуға әлі ертерек», деді қазақ оғланы өз ойымен бөлісіп.