• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 17 Наурыз, 2022

Халықаралық олимпиада: Қазақстандық оқушылар 40 жүлде иеленді

486 рет
көрсетілді

15-16 наурыз күндері Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасында елдің әр өңірінен 131 білімпаз бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

34-ші рет ұйымдастырылған білім бәсекесіне әлемнің 38 елі: Аргентина, Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Сальвадор, Гонконг, Индонезия, Япония, Казахстан, Корея, Кыргызстан, Малайзия, Мексика, Новая Зеландия, Пакистан, Панама, Перу, Филиппины, Пуэрто-Рико, Катар, Россия, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Таджикистан, Тайланд, Тринидад и Тобаго, Туркменистан, США, Гондурас, Оңтүстік Африка, Турция, Уругвай және т.б озат оқушылары офлайн форматта қатысты.

Ескерте кететіні, халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру комитеті барлық елдегі қатысушыларға бір уақытта тапсырма беріп, үздіктерді анықтады.

Биылғы олимпиадада қазақстандық талапкерлер жоғары көрсеткіш көрсетті. Атап айтар болсақ, 131 олимпиадашының 40-ы жүлделі орыннан көрінді. Оның 5-і бірінші орын, 13-і екінші орын, 22-і үшінші орын алды.

Халықаралық олимпиадада Нұр-Сұлтан қаласындағы қос білім ордасы – республикалық физика-математикалық мектептің (РФММ) оқушысы Тамерлан Бурамбаев мен халықаралық «SPECTRUM» мектебінің оқушысы Фетхуллах Сам алтын медальға ие болды.

Сондай-ақ Алматы қаласындағы РФММ оқушысы Райымбек Байшуақ, Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Жан Даутов, Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы Рахим Баймурзин үздіктер қатарынан көрінді.