• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Наурыз, 2022

Паралимпиадашы Александр Герлицке пәтер берілді

297 рет
көрсетілді

Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алған Александр Герлиц бір бөлмелі пәтерге ие болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевтің ақпараты бойынша, қысқы Паралимпиада ойындарында көрсеткен нәтижесі үшін Петропавлдан келген 32 жастағы Александр Герлиц мемлекеттен 115 мың доллар (58,3 млн теңге шамасында) көлемінде сыйақы алады. 

Сондай-ақ Ерғалиев СҚО әкімдігі спортшыға бір бөлмелі пәтер сыйлайтынын айтты.

Мемлекет тарапынан берілетін сыйлықтың тағы бір иегері - Ербол Хамитов. Паралимпиадада 5-ші орын алған петропавлдық спортшыға 10 мың доллар (қазіргі бағам бойынша шамамен 5,07 млн теңге) төленеді.

2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан медальдік есепте бір қола медальмен Австралия және Швейцариямен 17-орынды бөлісті.