• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2022

Алматыда Ashyq жобасы әлі де жалғасады

238 рет
көрсетілді

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы қаулысына сәйкес нысандарда Ashyq жобасын іске асыру және енгізу әлі де жалғасуда. Аудан әкімдері мен мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер палатасы, құқық қорғау және арнайы органдар, мекеме басшылары ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12 наурыздағы және 14 наурыздағы қаулыларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс.

«Алматы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а. 11 ақпандағы «Алматы қаласындағы карантиндік шараларды жеңілдету туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын», делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.