Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Сонымен қатар қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.
Тергеу жалғасуда.