• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Наурыз, 2022

Тұрақтандыру қорында 1 259 тонна өнім бар

137 рет
көрсетілді

Қызылорда тұрақтандыру қорында құны 253,3 млн теңге болатын 1 259 тонна азық-түлік бар. Бұдан бөлек, 4 328,1 тонна ұн, 272 тонна қа­ра­құ­мық жармасы, 500 тонна күнбағыс майы мен 6 тоннаға жуық сүт жет­кізілуде.

«Айналым схемасы» бойынша 22 келісімшарт негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне 1 163 млн теңге займ берілді. Осы арқылы 19 түрлі әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік пен тұрақтандыру қорындағы өнім­дер Қызылорда қаласында орна­лас­қан 36 әлеуметтік дүкенде және қо­сымша 14 ірі супермаркеттегі әлеуметтік бұрыштарда нарықтан төмен бағада сатылуда. Мұнан бө­лек өңірді әлеуметтік нанмен қам­тамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ, Ауыл шаруашылығы минис­трлігі және облыс әкімдігі ара­сында арзандатылған бидай алу үшін меморандумға қол қойылып, ақпан айынан бері ұн өндіруші кә­сіпорындарға 1 949,6 тонна астық тасы­малданды.

Өңірде 334,2 тоннаға жуық қант қоры бар. Тұрақтандыру қо­­рындағы қант әлеуметтік дү­кен­дерде және ірі сауда орын­дарының әлеуметтік бұ­рыштарында 263 теңгеден сатылуда. Мұнан бө­лек, тұрақтандыру қо­рының сау­да әріптестерімен 125 тонна қантпен қамтамасыз ету жө­нін­де ке­лісімдері бар. Сондай-ақ қо­сымша тағы 136 тонна сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін «Азық-түлік келісім­шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқы­лы 3 314,8 тонна қант жеткізу көзделіп отыр.

 

Қызылорда облысы