IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Жапония астанасы Токио қаласына қашан баратыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келесі жекпе-жегін WBA (super) тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, жапониялық Риота Муратаға қарсы өткізетін Геннадий Головкин екі аптадан кейін Жапония астанасы Токио қаласына барып, әрмен қарай дайындықты сонда пысықтайды.
Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер ақпарат таратты. Ал жекпе-жек тоғызыншы сәуір күні өтеді.