• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 18 Наурыз, 2022

Бивол мен Головкин екі түрлі боксшы – Давид Бенавидес

994 рет
көрсетілді

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Давид Бенавидес қазақстандық Геннадий Головкин мен ресейлік Дмитрий Биволдың бокстасу стиліндегі айырмашылықтары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Геннадий Головкин мен Дмитрий Бивол бір-біріне мүлде ұқсамайтын боксшылар. Дмитрий Бивол көбінесе екі соққыдан тұратын комбинациясын қолданып, әрмен қарай рингте айнала жүріп шабуылға көшеді. Ал Гена болса қарсыласын жақын қашықтықтан қыспаққа алып, бүйір тұстан соққыны жаудыра береді. Сондықтан да аттары аталған боксшылардың стилінен ұқсастық іздеудің қажеті жоқ», дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Давид Бенавидес екі боксшының да жекпе-жектерге дайындалуына көмектесіп, оларға қарсы жұпта тұрып жұдырықтасқан болатын.