• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Наурыз, 2022

Журналистер БАҚ туралы заңға түзетулер ұсына алады

664 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров журналистерді БАҚ туралы заңға жаңа түзетулер енгізуге белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз мұны бірге талқылайтын боламыз, журналистік ұйымдардан, журналистік құқық қорғау ұйымдарынан, сарапшылардан сұраулар бар», деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров.

АҚДМ басшысы журналистерге жаңа түзетулерді талқылау үшін жұмыс тобын құруды ұсынды.

«Мен кеше әлеуметтік желілерде журналистер тарапынан ұсыныс күтеміз деп жаздым. Жұмыс тобын құрайық, қазіргі медиа саланың жемісті дамуы үшін қажет нәрсенің бәрін талқылайық», деп қосты Асқар Омаров.

Еске сала кетсек, 16 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында БАҚ туралы заңды қайта қарау қажеттігін айтқан болатын.