• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Теннис 19 Наурыз, 2022

Голубев пен Зверев жұбы жартылай финалда жеңілді

214 рет
көрсетілді

Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалына сүрінбей жеткен Андрей Голубев пен германиялық Александр Зверев жұбы финалдық жолдама сарапқа салынған кездесуде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жартылай финалда Андрей Голубев пен Александр Зверев жұбы америкалық Джон Изнер мен Джек Сокқа қарсы кортқа шықты. Екі сетке созылған кездесуде америкалықтар 6:3, 6:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Бір сағат бір минутқа созылған ойында Андрей Голубев пен Александр Зверев жұбы көңіл көншітерліктей ойын өрнегін көрсете алмады.