• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 20 Наурыз, 2022

Ресейлік спортшы оныншы рет жеңілді

410 рет
көрсетілді

Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен UFC Fight Night 204 турнирінің басты жекпе-жегінде октагонға шыққан ресейлік аралас жекпе-жек шебері Александр Волков ұлыбританиялық Томм Аспиналлдан бірінші раундта жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ә дегеннен шабуылға иек артқан Том Аспиналлдың жүзінен жарқын мәнерде жеңіске жетуге деген талпыныстың табы аңғарылып тұрды. Ол ақыры қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты. Самбишн тәсілін сәтімен қолданған ұлыбританиялық оғлан ресейлік спортшыны кәсіби мансабында оныншы рет жеңілуге мәжбүрледі.