Алматы – 1 стансасындағы желілік полиция басқармасының өкілдері Құндызды стансасының маңынан майнинг операцияларын жүргізуге арналған үйді тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекеев тексеру жұмыстары кезінде криптовалюталарды өндіруге арналған құрылғының жүз отыз жәшігі табылғаны туралы мәліметпен бөлісті. Бүгінде аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.