Жапонияның Фукусима мекенінде 7,3 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Елдің метеорологиялық агенттігі келтірген дерекке көз салсақ, жойқын жер дүмпулері алдағы аптада болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстағы зілзаладан кейін жұрт енді ғана еңсе түзей бастаған. Жер сілкінісі жиі қайталанатын өңір тұрғындары зілзаладан қатты қаймығып қалған. Олар тұрғылықты жерлеріне оралудан қорқады.