Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні басып қалуы мүмкін.
«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 420-450 шақырымында (Берел ауылынан Рахман қайнары санаторийіне дейінгі аралық) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.