Өзбекстан 1 сәуірден бастап инвесторлар, IT компания құрылтайшылары, ақпараттық технология саласындағы мамандарға және олардың отбасына IT виза бере бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстанның IT-паркіне сілтеме жасап.
Жеке тұлғаларға IT виза үш жылға дейін беріледі.
Яғни, бұл визаны алған азаматтар үш жыл бойы Өзбекстанға емін-еркін кіріп-шыға алады. Оған қоса, Өзбекстан азаматтарына қарастырылған білім және медицина қызметтерін алу құқығы қарастырылған.
Айта кетсек, жиза IT-парктің ұсынысымен беріліп отырады. Оны алу шарттары мақсатына қарай ерекшеленеді.
IT-визаға берілген өтініш үш жұмыс күні ішінде қарастырылады.