Катовицеден Қазақстан азаматтарының кезекті тобын, олардың кәмелетке толмаған балалары мен жұбайларын эвакуациялайтын гуманитарлық борттың ұшуы 25 наурызға жоспарланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жөнінде Қазақстанның Украинадағы Елшілігі өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
Жоспарланған рейспен ұшу үшін Украинада қалған қазақстандықтар
24 наурызға дейін Львовқа немесе 25 наурызға дейін Катовицеге жету керек.
Эвакуациялауды қалайтын барлық азаматтар құжаттардың көшірмелерін (төлқұжаттар, балалардың туу туралы куәліктері, неке туралы куәліктер) +380673470408 (WhatsApp) нөміріне жіберуі қажет.