• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Наурыз, 2022

Әлеуметтік қызметтер порталының әлеуеті зор

1133 рет
көрсетілді

Биылғы жыл басынан бастап Әлеуметтік қызмет­тер порталы арқылы шамамен 57,7 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 6,9 мыңы – ымдау тілі қызметін, 33,5 мыңы жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 7 мың тапсырыс рәсімделді.

Портал мүгедектігі бар адам­дарға оңалтудың тех­ни­калық құралдары мен қызмет­терін өндірушіні және жет­кізушіні өз бетінше таңдау­ға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көр­се­ті­летін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаң­басымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құрал­дарын жеткізу немесе өз бетін­ше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қам­­тамасыз ету протез­дік-ор­то­пе­диялық, сурдотех­ника­лық, тиф­лотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінде порталда арнаулы әлеуметтік қызмет­тер көр­сететін 807 медици­на­­­лық-әлеу­меттік ме­кеме (бөлімшелер), 190 ОТҚ жеткізуші, 16 мыңнан ас­там жеке көмекші, 296 ымдау тілін қызметін, 91 санаторийлік-курортт­ық емдеуді, 137 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапа­сын жақ­сарту жөніндегі ұлт­тық жоспар шеңберінде қарас­тырылған.

Қолдауға арналған бай­ланыс орталығына 1414 бірың­ғай нөміріне қоңырау ша­лып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы порталды пайда­лану бойынша кеңес алуға бо­ла­ды, деп хабарлады Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің баспасөз қызметі.