• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Наурыз, 2022

Шымкент аспаздық орталыққа айналады

493 рет
көрсетілді

Шымкент жасыл желегімен ғана емес, дәмді тағамдарымен де танымал мегаполис. Екі мыңнан аса тамақтану орны бар қаланы еліміздің гастрономиялық орталығы ретінде де танытуға мүмкіндік мол. Осы мақсатта ұйымдастырылған «ДәмДәсTour» жәрмеңкесінде қаланың 48 қоғамдық тамақтану орны өзара тәжірибе алмасып, өнімдерін көпшілікке ұсынды.

«Наурыз – Шымқалада» мерекелік бағдарламасы аясында өткен «ДәмДәсTour» тұңғыш ресторандар жәр­мең­кесіне жергілікті Wok-Wok, BarVilka, «Бахчи-Сарай», «Кәусар», Kөk-Saray, TheПАПА, «Ладушки», «19.06» «Мадлен», The secret, Happy cake, «Афрасиаб», «Кофе молка», «Блинчик» сынды 50-ге жуық тамақ­тану орны қатысты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жәр­меңкеде болып, тамақтану орындарының ұжымына ал­ғысын айтты. Ресторан өкіл­дері дайындаған тағамдар 6 номинация бойынша сарапқа салынды. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарды қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов марапаттады. Нақтырақ айтсақ, «Үздік Fast-Food» аталымы бойынша «Кофе молка» , «Үздік самса» – «Камал ата», «Үздік кәуап»  – «Сафари», «Үздік кондитерлік өнім» – «Мадлен», «Үздік наурыз көже» – «Блинчик», «Үздік палау» – «Афрасиаб» ресторандары жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға қаржылай сый-сияпаттар табыс етілді.

Жәрмеңке барысында ме­рекелік кеш ұйым­дас­тырылып, әнші Argonya және Metis,s тобы мен қалаға танымал өнер жұлдыздары ән шырқады. Сондай-ақ келушілер арасында конкурстар мен ойындар ұйымдастырылды. Кә­сіпкерлер арнайы да­йын­даған мерекелік тағам­да­рын сатылымға қо­йып, табыс көзінің өсуіне мүм­кіндік алды. Сондай-ақ жәрмеңкеге ке­луші қала тұр­ғындары мен қонақтары «Шымкент шайынан» тегін дәм татты. Қаланың 2200 жылға жуық тарихы шеңберінде іске асқан шара – Қазақстан Рекордтар кітабына (Қазақстандық Ақпараттық-Энциклопедиялық анық­та­­малық) енгізу бойынша, гас­трорекордқа ұсынылды. Ahmad tea өндірушілерінің қол­дауымен дайындалған шай 2200 адамға таратылды.

Осылайша Шымкент қаласында алғаш рет жүзеге асқан шара жергілікті қо­ғам­дық тамақтану орын­да­рының бәсекелестігін арттырып, сер­вис­тік қызметтің жандана түсуіне мүмкіндік берді.

 

Шымкент