Төрткүл дүниедегі ауасы ең лас қаланың аты белгілі болды. 2021 жылдың қорытындыларын шығарған швейцариялық IQAir зерттеу ұйымы Үндістан астанасы Нью-Дели шаһарын жаһанның ең лас қаласы санайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Тексерулер мен зерттеулердің нәтижесінде мұнда ауа өкпе мен тамырға толық жетпейтіні және жеткеннің өзінде тыныс алу ауруларын тудыратыны белгілі болған.
Соның салдарынан Үндістанда миллиондаған тұрғын мерт болады екен. Ал 2020 жылы бір ғана Нью-Делиде 54 мыңға жуық адам ауа жетіспеушілігінен бақиға аттанған. Ұйым зерттеуі әлемнің ауасы ең лас 6 қаласы Үндістанда орналасқанын анықтады.