• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Наурыз, 2022

Ерекше балаларға – тегін үйірмелер

610 рет
көрсетілді

Алматыда секциялар мен үйірмелерді қаржыландыруға биыл 3,2 млрд теңге бөлінді.

Өткен жылдан бастап балаларды бұқаралық спорт түрлеріне белсенді тарту, сондай-ақ тегін спорт секциялары мен үйірмелерін ашу міндеті қойылғаны белгілі. Осы орайда мемлекеттік тапсырыс аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына нормативтік қаржыландыру тетігін жүзеге асыруға байланысты шаралармен таныстырып өткен Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов 4-тен 17 жасқа дейін, оның ішінде ерекше қажет­тілік­тері бар балаларға 71 спорт түрінен спорт секция­ларына тегін қатысуға мүм­кіндігі бар екенін атап өтті. Оның ай­туынша, былтыр аталған жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Балалардың спортпен және шығармашылықпен тегін айналысуы ата-аналар үшін өте қолайлы. Мәлі­меттер бойынша, бір балаға спорт сек­циясына барудың орташа құны айы­на 20 мың теңгеден асады. Балалар үйірмелері мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыруды іске қосу үрдісін жеделдету мақсатында Artsport.edu.kz ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру аясында қазіргі кезде спорттың 37 түрінен тегін қатысуға мүмкіндік жасалған. Футбол, шахмат, таэквондо, дзюдо, жүзу ең көп сұранысқа ие секциялар қатарында.

Осы орайда қаланың Жетісу ауда­нын­­да «Кемел» дене шынық­тыру-са­уық­­­тыру кешенінің ашылуы да бала­ларға тегін үйірмелерге қатысуға мүм­кіндік беретінін айта кеткен жөн. Ке­шен саламатты өмір салтын және бұқара­лық спортты насихаттау, сондай-ақ аудан­ды кешенді дамыту мақсатында «Шет­сіз қала» жобасы аясында ашылған. Мұнда көркем гимнастика, эстетикалық топтық гимнастика, бадминтон және шығыс жекпе-жегінің түрлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арнал­ған шахмат, тоғызқұмалақ секциялары жұмыс істейтін болады.

 

АЛМАТЫ