• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Наурыз, 2022

ІТ саласында бақ сынауға болады

167 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігі алғаш рет BILIM Hackathon 2022 IT бай­қауын өткізбек. Оған студенттер мен бағ­дарламашылар қатыса алады. Жеңім­паздар 1,5 млн теңге алады. Екінші орынның иегеріне 1 млн теңге, үшінші орын үшін 500 мың теңге беріледі.

IT сайыс 26-27 наурызда Astana IT University базасында офлайн форматта өтеді. Аталған байқау білім мен ғылым саласында жаңа IT жобаларды жасауға бастамашы болу, сондай-ақ қазіргі және болашақ IT-мамандарды ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов: «Елімізде түрлі IT жобаларды әзірлейтін дарынды жастар көп. Оларды байқауға қатысуға шақырамыз. Сайысқа университет және колледж студенттері, еңбек етіп жүрген бағдарламашылар да қатыса алады. Әр оқу орнынан бір командаға қатысуға рұқсат етіледі. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді monhackathon@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады. Өтінімге команданың атауын, қатысушылардың аты-жөнін және ұйымның атауын көрсету қажет», деді.

Сайысқа қатысушыларға еркін тақырыпта да, берілген тақырып бойынша да білім беру саласындағы цифрлы шешімдер бойынша жоба дайындау секілді түрлі тапсырмалар беріле­ді. Жүлдегер студенттер марапаттардан бөлек, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Қазылар алқасының құрамына белгілі IT-компаниялардың өкілдері кіреді.