• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 25 Наурыз, 2022

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

492 рет
көрсетілді

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылғы 1-тоқсанда  жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сондай-ақ Президентке сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал жайында баяндалды. Ғалымжан Пірматов валюта нарығында қалыптасқан үрдістер, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордағы активтердің жай-күйі туралы айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияның қарқыны, банк жүйесіндегі депозиттер құрылымының өзгеруі, зейнетақы активтерінің жағдайы мен төлем жүйесінің дамуы жөнінде мәлімет берілді.  

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма жүктеді.