Оқыс оқиға 21 шағынауданда дөңгелек бекітетін ғимараттың алдында болды, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жылу жүйесінің жарылуынан топырақты су шайып, ғимарат алдындағы жердің бір бөлігі опырылып түскен. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында ҚЖСА және «Қала жолдары» мекемесінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздік үшін аймақ қоршалған.