• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Наурыз, 2022

«Сенімен Болашақ» отбасындағы тәрбие және буллинг тақырыбын талқылады

814 рет
көрсетілді

Бүгінде республика өңірлерінде арнайы өкілдіктері белсенді жұмыс істеп жатқан «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласында өкілдігі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық кітапханада депутаттар, ата-аналар, қалалық білім басқармасының мамандары, ұстаздар қауымы соңғы жылдарда қоғамды ерекше толғандырып отырған  бала тәрбиесі, буллинг, отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбын талқылау мақсатында дөңгелек үстелде бас қосты.

Жиында «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асанов,  Парламенті Сенатының депутаттары Динар Нүкетаева және  Дана Нұржігіт, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова,  «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Рақымбек Жолаев, Адам құқықтары жөніндегі заңгер, PhD Халида Ажигулова, тағы да басқа қоғам қайраткерлері мен білім беру мен тәрбие орталықтарының мамандары өзекті тақырыпқа орай ой бөлісті.

Бірлестік төрағасы  Рақымбек Жолаевтың айтуынша, өңірлерде ата-аналармен тығыз байланыс орнату мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Қазіргі кезде 13 мыңнан астам мүшесі бар бірлестік отбасындағы тәрбие, ата-ана болудың заманауи талаптары, баламен тіл табысу, психологиялық кеңестер беру арқылы қоғамдағы буллинг, суицидтің алдын алу бойынша кешенді жобаларды жүзеге асырып келеді.