• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Пікір 28 Наурыз, 2022

Елдің тұтастығын сақтауға депутаттар да жауапты

170 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялау арқылы еліміздің ішкі-сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен экономиканы тұрақтандырудың басым тұстарын нақтылап берді.

Халықаралық саясат жаңа турбулентті кезеңге аяқ басып, геосаяси парадигмалар өзгерісі мемлекеттердің экономикалық жағдайына тікелей әсер етіп жатқан кезеңде елдің ішкі тұтастығы мен сыртқы саясатын теңгерімді түрде ұстап тұру оңай емес.

Жолдаудағы ең маңызды оқиға – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елімізде жаңадан Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құры­луы. Бұл – тарихи оқиға! Қазақ­стан­дағы жаңа әкімшілік-құрылымдық өз­ге­рістер өңірлер арасындағы жаңа бай­ланыстардың жол ашылуы мен ішкі көші-қон қозғалысына оң әсер етіп, өңірлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына және кәсіпкерліктің дамуына тың серпін беретіні анық. Өйткені қуатты Қазақстанды қуатты өңірлер арқылы  ғана құруға болады.

Еліміздің даму бағытына жаңа сер­пін беретін осы тарихи құжат­та­ғы негізгі идея «Бұл ғаламда Қазақ­­стан өз халқынан басқа еш­кім­ге керегі жоқ. Әрине достарымыз аз емес. Бі­рақ біздің бүгінгі ты­­ныш өмірі­міз­ді, та­быс­­­тарымызды, тұ­­рақты тір­ші­лігі­мізді көре ал­­май­­тын жаулар да жет­кілікті. Оны еш­­қашан естен шы­ғар­­мау керек. Біз­­дің болашағымыз – біздің ға­на қолы­­мызда!» деген жол­дарда тұр деп тү­сі­немін. Бұл – ел бо­ла­шағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың қазіргі ұстанымы болуға тиіс.

Әрине, саяси реформаларды халық­тың қолдауынсыз іске асыру мүмкін емес. Осы жағынан алған­да ел тағдырына бей-жай қара­майтын азаматтарымыздың ұсы­ныс-талаптары саяси партия­лар мен қоғамдық ұйымдар арқы­лы мәслихат мінбелерінде көріну­ге тиіс. Осы жағынан алғанда өңір тұр­ғын­дарының барлық мәселе­лері, та­лап-тілектері жергілікті депу­тат­тардың белсенділігі мен атқару­шы билік өкілдерінің жауап­тылығы арқылы шешілері анық. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың рөлінің күшеюіне көппартиялық жүйе, әкімдерді тағайындау функ­ция­сына қатысу, қоғамдық кеңес­тердің рөлін күшейту арқылы қол жеткізуге болады.

 

Амангелді НҰҒМАНОВ,

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы