Синоптиктер 28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК хабарламасына сілтеме жасап.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман, жаяу бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман түседі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 15-20, таңертең және күндіз таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, тұман түседі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, түнде облыстың батысында – тұман түсіп, күндіз шығыста шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20 м/с байқалады.
Қостанай облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, батыста, солтүстікте екпіні 25 м/с, батыста, солтүстікте - жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың шығысында – тұман түседі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.
Павлодар облысында жолдарда көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында – бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады, батысында 15-20 м/с жел соғады.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с жел күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.