Нұрлан Зайроллаұлы НЫҒМАТУЛИН
1962 жылы туған. Қарағанды политехникалық институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірген. Саяси ғылымдар докторы. Ағылшын тілін меңгерген. Еңбек жолын «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігінде инженер болып бастады. Ленин аудандық және Қарағанды облыстық комсомол комитеттерінің бірінші хатшысы, Қазақстан Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. «Тенгри» қазақ-америка бірлескен кәсіпорнының президенті болды. 1995-1999 жылдары Президент Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті. Астана қаласы әкімінің орынбасары, Көлік және коммуникация вице-министрі, «Отан» партиясының аппарат басшысы қызметтерін атқарды. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарына тағайындалды. 2012 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс Төрағасы.
•
04 Сәуір, 2014
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №782
245 рет
көрсетілді