• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Пікір 29 Наурыз, 2022

Батыл және қолжетімді бағдар

227 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті жаңарту және жаңғырту үшін ұсынған саяси реформалары өз мақсатына жететіні сөзсіз. Бұл 30 жылдық дамудың берік негізіне сүйенген батыл және қолжетімді жол картасы деуге де болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев халқын жұдырықтай жұмылдыруға күш салып отыр. Ол қазақстандықтар соңғы 30 жыл ішінде мақтан тұтқан тәуелсіздікті, бейбітшілікті, тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету үшін реформалардың қажеттігін түсінеді. Ол бастаған саяси реформалар елдің дамуын арттыруға жол ашады.

Бізді Қазақстандағы «Қасіретті қаң­тар» оқиғасы мазалағаны рас. Сон­дық­тан Қазақстан тәуелсіз ел ретінде алға басуы үшін Президент Қ.Тоқаев өз сөзін­де ақпаратты шынайы, ашық және то­лық есепке алу, жариялау керектігін айт­ты. Сондай-ақ қылмысты ашуды қам­та­масыз ету бойынша белгілеген қадам­дары заң үстемдігін және елдегі адам құқықтарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді, халықтың сеніміне ие болады.

Өңірлік және жергілікті билік органдары арасындағы өкілеттіктердің, жауапкершіліктің және фискалдық ашықтықтың одан әрі аражігін ажырату кез келген қазіргі заманғы ел үшін алға бастайтын маңызды қадам екені даусыз. Қуатты өңірлер мен жергілікті билік органдары мықты және ұйымшыл қоғамдастықтар құрады. Қазақстандағы реформалардың жаңа пакеті нақ осыған бағытталған.

 

Даниэль ВИТТ,

АҚШ-тағы халықаралық салық және инвестициялық орталықтың президенті