Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Константин Авершинге берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«AMANAT партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Константин Авершинге берілді», делінген партияның телеграм каналында.
Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.