Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – еліміздің саяси-экономикалық дамуының нақты бағыт-бағдарын көрсететін бағдарлама. Оны тарихи-саяси мәні ерекше құжат.
Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуы халықтың толық көңілінен шығып, кең ауқымда қолдау тауып отыр.
Сондай-ақ саяси жүйе толығымен өзгереді. Партиялық және бір мандаттық сайлау жүйесі енетін болады. Облыстық, калалық, аудандық мәслихаттар бір мандаттық жүйемен сайланады.
Мәслихат төрағасы лауазымы енгізіледі. Партиялардың тіркелуіне бес мың мүшесі болса жеткілікті болмақ. Сайлау комиссияларын құру тәртібі өзгереді. Әкімдерді бәсекелестік негізде сайлау тетігі енгізіледі. Президенттік басқару жүйесінің көптеген құзыреті Парламентке беріледі.
Сенатқа Президенттің Жарлығымен тағайындалатын сенаторлар саны қысқарады. Президент, әкімдер партиядан тыс болады. Міне, осылайша қысқаша айтсақ, саяси жүйе мүлдем өзгереді. Бұл халықтың тілегі, уақыттың талабы болатын.
Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,
Сенат депутаты