• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Наурыз, 2022

Өтінішіміз жерде қалмаса екен

248 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» газетінің 16 сәуірдегі №51 санында жазушы Данеш Ахметұлының «Қаламгер көмекке мұқтаж» атты редакцияға жазған хаты жарық көрді. Оқыдық. Хат көп ой салды.

Мен зейнетке шыққалы 20 жыл болды. Алатын ай сайынғы зейнетақым 70 мың теңге. Бұл неге жетеді? Бір бөлігі пәтерақыға кетеді. Қалғаны ішіп-жемге, киім-кешек пен басқа да аса мұқтаждықтарға жұмсалады. Сонда менің қолымда көк тиын ақша қалмайды.

Мен – шығармашылық адамымын. Түрлі тақырыпқа арнап поэзиялық туындылар жазамын. Жазғандарымды мерзімді баспасөз жариялап тұрады. Бірақ сол газет бетіне шыққан мақалаларға көк тиын алмаймыз. Біз қалың бұқараға арнап жазған еңбегіміз үшін қаламақы алған емеспіз. Зейнеақымыз мардымсыз болғандықтан, қалың қарыздың қоршауында қалдық. Кітап шығады, оған да түк алмаймыз. Демалыс орындарына бару (санаторий, курорт) жайына қалды. Осы жоқтықпен өміріміз өтіп барады...

Осыған байланысты біздің өтінішімізді ескеріп, мемлекеттің зейнет жасынан асқан ақын, жазушыларға көмек көрсетулерін өтінеміз.

 

Бүбішхан ТІКЕБАЕВА,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын