• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Наурыз, 2022

«Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік!» үндеуі қабылданды

300 рет
көрсетілді

2022 жылғы 27-28 наурыз күндері «Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел мен республикалық қоғамдық бірлестіктің Орталық кеңесі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аталған жиынға Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.Ташқараев, облыстар,       Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мәслихаттарының хатшылары, депутаттар, Түркістан облысы қалалары мен аудандары мәслихаттарының хатшылары қатысты.

Жиынды «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Мұқашев жүргізіп отырды.

         Аталған жиында төмендегідей мәселелер қаралды:

- ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және жүзеге асыру;

- «Жаңа Қазақстанды» құру үшін қуатты мәслихаттар мен білікті депутаттарды қалыптастыру жолдары;

- «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;

- «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын жүзеге асыру бойынша қазақстандықтарға арнаған «Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік!» атты Үндеуін қабылдау.

Екі күнге созылған жиында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.Ташқараев, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, Жолдаудан туындайтын барлық деңгейдегі мәслихаттардың рөлін күшейту және қуатты мәслихат қалыптастыру бойынша қолданыстағы Заңнамаларға өзгеріс енгізу жолында жұмыс жүргізу үшін құнды ұсыныстар жинақталды.

Жиынның қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын жүзеге асыру бойынша қазақстандықтарға арналған «Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік!» Үндеуі қабылданып, Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.