• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 31 Наурыз, 2022

Қазақстан тарихының жаңа тарауы

766 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы осыдан 30 жыл бұрын тәуелсіздікке қол жеткізді. Соңғы 30 жыл ішінде елдегі экономикалық саясат айтарлықтай өзгерді. Осы уақыт аралығында ел Үкіметіне де, халыққа да зор жауапкершілік пен жаңа міндеттер жүктелді.

Бұл өзгерістер Қазақстанның тәуелсіз және еркін ел ретінде өмір сүруі үшін жасалды. Осы 30 жыл ішінде Қазақстан ғана емес, қоршаған орта да, әлем де өзгерді. Біз қазір үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүріп жатырмыз, қарқынды дамып жатқан саяси және экономикалық жағдайлардың куәсі болып отырмыз. Күн сайын жаңа мәселемен бетпе-бет келіп, оны шешуімізге тура келеді. Күш пен бостандықты қатар ұстап, бүгінгі өзгерістерге бейімделе алған кез келген мемлекет жетістікке жетуге қауқарлы.

Ел мен халқы мемлекеттің саяси, экономикалық, құқықтық қауіпсіздігінің нығаюына қарай дамуын жалғастырса, сол елдің болашағы зор болмақ.

Қазіргі кезең Қазақстан үшін 30 жыл бұрынғы азаттық алған сәттен кем түспейді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық және саяси жолын, сол арқылы халқының онда­ған жылдардағы өмірін айқындайтын жалпыадамзаттық құндылықтарға маңыз беріп отыр. Президент жариялаған реформалар тарихи маңызға ие, өйткені олар мемлекеттік басқару үшін, жалпы қоғам үшін жаңа моральдық-этикалық қағидаларды айқындайды.

Президент билігін орталық­сыз­дандыру, Парламентті күшейту, партия сайлауларында еркіндікке кепілдік беру, муниципалдық және атқарушы биліктің ауысуы, барлық адам үшін құқық­тың үстемдігі – осы­ның бәрі Қазақ­станды болашақ әлем­дік саясаттың қазіргіден де күшті ойын­шысына айналдырады. Алға қойған бағдарламаларды іске асыру үлкен жұмысты талап етеді.

Қазақстан жарияланған реформалар мен демократиялық шараларды іске асы­ра отырып, әлемнің көптеген елі­не үлгі болып қана қоймай, халықара­лық аренада маңызды елге айналып келеді.

Алға қойылған барлық жоба мен жоспар орындалып, белгіленген реформалар жүргізіліп, Қазақстан тарихының жаңа тарауы ашылатынына сенім білдіремін.

 

Шаги ГАБОР,

Globália Kft. бас директоры (Мажарстан)