• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Видео 31 Наурыз, 2022

Семейде ағылшын тілі курсы кабинетінен есірткі табылды

197 рет
көрсетілді

Семей полицейлері ағылшын курсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз айының басында Семей қаласының білім беру орталықтарының біріндегі ағылшын тілі кабинетінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінген.

Оқу бөлмесіне тінту жүргізу барысында үстел үстіндегі еденде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар полиэтиленді түйіншек орналасқан картон қорап табылды.

Сараптама қортындысы көрсеткендей, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Жалпы салмағы 11 келіден асады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.