Көктемгі су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бөрлі ауданы әкімдігінен мәлім еткендей, төтенше жағдайларды жою бойынша аудандық штаб құрылып, қауіпті аумақтарда тәулік бойы жұмыстар жүргізілуде.
Қызылтал ауылының тұрғындары үшін үйлері суға кету қаупі төнген жағдайда Ақсай қаласындағы 7-орта мектепте тәулік бойы эвакуациялық қызмет орталығы ұйымдастырылды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты 8-705-447-09-19 нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.