• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Хоккей 02 Сәуір, 2022

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі матч өткізеді

228 рет
көрсетілді

Төртінші сәуір күні Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Словакияға келіп, әлем чемпионатына дайындықты жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Жиын аясында Сергей Старыгиннің шәкірттері екі жолдастық матч өткізеді.

Біріншісі 6 сәуірде Дания құрамасына (U-18) қарсы, екіншісі 7 сәуірде Словакияның Екінші лигасында ойнайтын Словакияның «Хамиково» командасына қарсы өтеді.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 11 сәуірде басталады.