Қазақстандық теннисшілер Григорий Ломакин мен Аружан Сағындықова халықаралық турнирлердің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Григорий Ломакин жұптық сында украиналық Олег Приходькомен бірге Перейра (Колумбия) ATP Challenger турнирінің финалында венесуэлалық Луис Мартинес – колумбиялық Кристиан Родригеспен күш сынасты.
Г.Ломакин мен О.Приходько тәжірибелі қарсыластарымен теңбе-тең дәрежеде өнер көрсетті.
Екі сет те тай-брейкке дейін жетіп, онда Л.Мартинес пен К.Родригес сәтті өнер көрсетті – 7:6 (7:2), 7:6 (7:3).
Ал Мароккода үшінші санаттағы ITF Juniors жарысы мәреге жетті. Онда тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова португалиялық Софья Пинтомен бірге соңғы бәсекеде жергілікті спортшылар Мафалда Гуэдеш – Матильда Мораисқа есе жіберді – 2:6, 4:6.