• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Сәуір, 2022

Қазақстандық гимнасттар Әлем Кубогы кезеңінде медаль алды

194 рет
көрсетілді

31 наурыз бен 3 сәуір аралығында Әлем кубогының кезеңі өтті. Бұл кезеңде ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нариман Курбанов Бакудегі спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің чемпионы атанды.

Қазақстандық 14.633 балл жинап, ат үстінде жаттығуда жетістікке жетті. Екінші орынға Албаниядан келген Матвей Петров тұрақтаса, «қоланы» француз Томмасон Сириль алды.

Еркін жаттығуларда күміс медальді қазақстандық Милад Карими жеңіп алды. Ол 14.300 ұпай жинаған. Алтын медальді Израильден келген Артем Долгопят (14.700), қоланы – ирландиялық Эймон Монтгомери (14. 066) иеленді.